Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Елордада 10 бағыт бойынша дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша атқарылып жатқан дезинфекция жұмыстары туралы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев айтып берді.

Елордада 10 бағыт бойынша дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Өздеріңіз білетіндей, қалада қазіргі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы халқының денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап қаланың барлық нысандарында, адам көп шоғырланатын жерлерде, сонымен қатар тұрғын үй кешедері мен тұрғын үй алаптарында ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, дезинфекция жұмыстарына күнделікті 470 дезинфектор, соның ішінде Қорғаныс министрлігінен 231 адам, дезинфекциялық жұмыс істейтін ұйымдардан 239 адам қатысуда.

«Дезинфекция жұмыстары Қорғаныс министрлігінің күшімен, атап айтқанда Қорғаныс министрлігінің радиохимиялық және бактерологиялық әскерінің, қала әкімдігі мен дезинфекциялық жұмыстар істейтін ұйымдардың күшімен жүргізілуде. Дезинфекциялық шараларды жүргізуге 50-ден астам техника, оның ішінде 20 бірлік әскери техника, 200 бірлік роторлық және сорғыш-шашыратқыштар жұмылдырылған», деді Алтынбек Қайсағалиев.

Күнделікті әскерилер күшімен 10 бағыт бойынша дезинфекция жұмыстарын жүргізілуде.