Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Қызылорда: Облыс әкімі тосқауыл бекетінің жұмысымен танысты

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгін «Шиелі-Қызылорда» тас жолына қойылған тосқауыл бекетіне барып, ондағы карантин жағдайында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Қызылорда: Облыс әкімі тосқауыл бекетінің жұмысымен танысты

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Қайратбек Сәрсенбаев облыс әкіміне карантиндік шараларды сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар есебін берді.

- Қазір қалада 6 тосқауыл бекеті қойылды. Әрқайсысына әскери бөлімнің 14 қызметкері бекітілген. 10 адамдық шатыр тігілген. 1 арнайы техника мен адам тасуға арналған көлік те қарастырылған, - деді басқарма басшысы.

Тосқауыл бекеттерінің жұмыс істеу тәртібі қатаң сақталады. Мұнда облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары тәулік бойы қызмет атқарады.

Облыс әкімі карантин талаптарының сақталуын міндеттеп, тосқауыл бекеттеріндегі қызметкерлердің ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін назарда ұстау қажеттігін ескертті.