30 Тамыз, 2013

Павлодарға «Баянауыл» пойызы қатынайды

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Конституция күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының «Қала маңындағы тасымал» АҚ Астана-Павлодар бағдарына жаңартыл­ған, жайлылығы жоғары электр-пойыз шығарды.

Конституция күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының «Қала маңындағы тасымал» АҚ Астана-Павлодар бағдарына жаңартыл­ған, жайлылығы жоғары электр-пойыз шығарды.

поезд

Пойыз «Қала маңындағы тасымал» АҚ жаңадан сатып алған жайлылығы жоғары вагондардан құралған. Ол бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері «Астана-Павлодар» бағыты бойынша қатынайды.

«Демихов машина жасау зауыты» ААҚ жасап шығарған ЭД9Э сериялы электр-пойызы «Қала маңындағы тасымал» АҚ талаптарына сәйкес вагон­дардың техникалық және қуат үнемдеу қасиетін жақсартып, жетілдірілген. Әр вагонға бейне­бақылау орнатылып, ауа баптау жүйесі енгізілген.

Электр-пойыз Астанадан 18 сағат 40 минутта шығып, 00 сағат 50 минутта Павлодарға келеді. Керекуден кері жөнелуі 9 сағат 29 минутта. Ол елордаға 15 сағат 30 минутта келеді. Небәрі алты сағатта арқадағы екі қаланы қосады. Жолшыбай Ерейментау мен Екібастұз стансаларында аялдайды.

Электр пойыз жайлы креслосы бар 10 вагоннан тұрады. Осының төртеуі бірінші санатты. Онда 206 жолаушыға орын бар. Ал, екінші санаттағы екі вагонға 92, үшінші санаттағы вагондарға 194 адам жайғаса алады. Аталған пойызбен барлығы 492 жолау­шы жол жүре алады. Бірінші және екінші санатты вагондардың ішінде теледидар мен бар орналасқан.

Жол жүру құны Астанадан Павлодарға дейін бірінші санатты вагонда – 1956, 2 санатты вагонда – 1822, үшінші санатты вагонда 1514 теңге тұрады.

Қазіргі таңда «Қала маңын­да­ғы тасымал» АҚ республика бо­йынша 21 бағдарға 24 электр-по­йызын шығарды. Соң­ғы жылдары аса жайлы 24 вагон сатып алынды. Шымкент пен Түр­­кістан аралығына ди­зель­­ді рельсті жылжымалы құ­рам қа­­ты­найды. Болашақта ва­гон­дар­­дың жаңғырту ісін үздік­сіз жал­ғастыратын боламыз, деді Аста­­надан жаңа жылжымалы құ­рам­­ды шығарып салу рәсі­мінде «Қала маңындағы тасы­­мал» АҚ пре­зиденті Баян Сүнна­това.

«Егемен-ақпарат».