Коронавирусты жұқтырғандардың дені Италияның А сериясында өнер көрсетіп жүрген ойыншылар. Солардың арасында Даниэле Ругани, Блез Матюиди («Ювентус»), Маноло Габбиадини, Альбин Экдаль, Омар Колли, Мартен Торсби, Антонио ла Гумина, Фабио Депаоли, Бартош Берешиньски, Эдгар Беретто («Сампдория»), Мартиа Дзакканьи (Верона), Душан Влахович, Херман Песселья, Патрик Кутроне (Фиорентина), Даниэль Мальдини (Милан) және Сарко Спортьелло (Аталанта) сынды сайыпқырандар бар.
Испания чемпионатындағы аяқ доп шеберлері арасында Эсекиэль Гарай, мен Эльяким Мангала бастаған «Валенсияның» 10 ойыншысы бар. «Эспаньольдің» екі футболшысы қатерлі дерт жұқтырған. Олар – Леандро Кабрера мен У Лей. Германия бундеслигасының да қос өрені дәл сондай душар болып отыр. Олар – Лука Килиан («Пардебор») мен Максимилиан Миттельштадт («Герта»). Сондай-ақ, Англия, Франция, Қытай және басқа да бірқатар мемлекеттердің ішкі біріншіліктерінде өнер көрсетіп жүрген жігіттер науқастанған.
Коронавирус жұқтырғандар қатарында әйгілі бапкер Фатих Терим де бар. Кезінде Түркия ұлттық құрамасы мен Ыстамбұлдың «Галатасарай» клубын өрге сүйреп, зор табыстарға қол жеткізген 66 жастағы ақсақал Алланың қалауы және дәрігерлердің көмегімен осы дерттен айығыпты. Сол секілді «Ювентустың» шабуылшысы Пауло Дибала, «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета, «Астон Вилланың» ойыншысы Пепе Рейна бастаған бірнеше теңбіл доп шеберлері де қазір дін аман.