Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Қызылорда: Індет жұқтырғандар саны 25 адамға жетті

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түстен кейін Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметовтің айтуынша 28 жастағы жігіт алдында вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар қатарында оқшауланған екен.

Қызылорда: Індет жұқтырғандар саны 25 адамға жетті

- Соңғы дерек те Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр,– деді облыстың бас дәрігері. – Ол алдында дерт жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде тексеруге алынған. Қазіргі жағдайы тұрақты. Жалпы облыс бойынша вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 485 адам нақтыланған. Олардың 133-і карантиндік станционарда, 353-сі үй жағдайында бақылауға алынған.

Қазір инфекцияның өршуіне байланысты облыстық төтенше жағдай комиссиясының жанынан жедел штаб құрылып отыр. Тәулік бойын жұмыс істейтін штабқа 40-01-00 телефоны арқылы хабарласуға болады.