«Электронды үкімет порталына қазір көп адам кіре алмай жатыр. Сондықтан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БТС компаниясымен бірлесе отырып, 42500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашады. Ол сайтта азаматтар өз өтішінін қалдыра алады. Сайт ертең таңертең іске қосылады. Ол жерде ЭЦП жоқ болса, СМС арқылы тіркелуге болады. Және компьютерлері жоқ адамдар telegram-бот арқылы беруге болады. Телеграмм парақшасын жүктеп, сол жерде өзінің қызметтері болады 42 500 теңге төлем жөнінде. Сол жерге өзіңіздің мәліметіңізді енгізіп, смс арқылы өзіңіздің қол таңбаңыз арқылы растайсыз. Осы техникалық шешімдерді іске асыруға біз бүкіл күшімізді жұмсап жатырмыз. Ертең таңертен бұл іске асады. Бұл қандай сайт, қай жерге қалай кіру керек екенін бүгін біз кешке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жариялайтын боламыз», - деді ол.