«Балқашкөлінің жағалауында Анталиядағыдан кем еместей демалыс кешені пайда болыпты» деген хабар елең еткізген еді жақында. Әлемнің көптеген елдерінің осындай табиғат арқасында туризмді дамытып, шылқып та, шалқып та отырған жайы барда бұл жаңалық куантқаны рас. Бабаларымыз Көкше теңіз деп те атаған шалқар айдынның самал толқыны жұмсақ құмды аймалаған оңашалау мүйісі аясында демалып қайтушылар лебізі де сонда жетелеп, қызықтырмай қалмаған. Әрине, көзбен көргеннің жөні бөлек емес пе?! Шаһардан сүт пісірімдей ғана әдемі тұсқа аяқ басылғанда-ақ оның меймандарының мақтауы тегін еместігі сезіле түсті. Ашылғанына көп уақыт болмаса да жұрт аузына іліксе іліккендей екен.

«Нұрбақыт» деген атауына жарасты демалыс кешенінің дәл жағалаудағы үш қабатты ғимаратының сыртқы бейнесі бірден көз сүйсіндірсе, ішкі сәнінің келістігі де кірпияз туристердің өзін де тамсандырмай қоймайтындай көрінеді. Демалушылардың қандайлық та талап-талғамдарына сай 4, 3 және 2 орындық 14 бөлменің қай-қайсысы да жанға жайлы. Барлығы еркін, алаңсыз демалу уақытына не керектінің бәрімен жабдықталған. Бағасы да соншалықты қымбат емес және қызмет көрсету сапасы риза етерліктей кез келгенін 15 мың теңгеге жалға алып, бұл дүние рахатына батуға тамаша жағдай бар.
Қол созым жердегі ұзыннан-ұзақ созылған жағажай күнге қыздырынып, майда құмына аунауды ұнатушылардың құмарын қандырарлықтай-ақ. Қалауына қарай жайғасып жатып демалуға арналған қаз-қатар жатақ-орындықтар және тізіліп тұр. Белгі берілсе салқын сусын қолға ұмсына қалады. Балақайлардың асыр салып ойнауына, көл суына шомылуына арналған орын қызығы бөлек. Оларды думанға бөлеушілер әке-шешелерін еш алаңдатпайды. Алыс-жақыннан келушілердің ішінен ресейлік Андрей Соколовпен тілдескенімізде «Мен бұрынғы балқаштық ретінде бұл жердің танығысыз өзгеруіне қуанып қалдым. Осыған дейін жабайы жағажайды қызығарлық демалыс орнына айналдырушы кәсіпкер ісіне қалайша риза болмассың», деді ағынан жарыла.
Біз білгеніміздей, ол Тілеугерей Маканалин атты азамат екен. Кезінде танымал боксшы болған Тілекең Балқаштың болашақ бағы туризмде ғой. «Көз қорқақ, қол батыр» делінген емес пе, тәуекелге бел буып, осы істі алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болдым. Енді жазда ғана емес, қыста да демалушыларды қарсы алудың жолдарын ойластырып жүрмін, дейді.
Демалыс кешенінің күннен-күнге құшағы ашылудағы қызметі балқаштықтардың жұмыспен қамтылуына әсерін тигізіп отыруымен де игілікті. Бүгінде мұнда 20-ға тарта жас жігіттер мен қыздар еңбек етеді. Солардың бірі Гүлдерай Байту деген қарындасымыз «Біраз уақыт жұмыссыз жүр едім. Даяшы болып қабылдандым. Еңбекақым тәп-тәуір. Әке-шешеме, бауырларыма қолғабысым тиетін болды. Тілеугерей ағамыз демалушылар қатарын ұлғайтуға жағдай жасауды кеңейтпек ойда. Бәріміз соны тілейміз. Өйткені, тағы бірнеше тұрғыластарымызға жұмыс табылар еді», дегендей Маканалин ісіне тілеуқорлар көп.
Кәсіпкерлігімен қатар Тілекең Балқаш қалалық бокс федерациясының президенті тұрғысында жергілікті спорттың дамуына да атсалысып жүруімен танымал. Оның ұйымдастыруымен жыл сайын балқаштық былғары қолғап шеберлері Аманбек Маканалин, Ерлан Нөкербеков, Жанат Сәтеновті еске түсіруге арналған республикалық ашық турнир өтіп тұрады. Көрші мемлекеттер балғын боксшылары да қатысып, күш сынасатын жарыстың бас демеушісі де әрдайым өзі.
Жергілікті туризмді түрлендіруге берік бел буған Тілеугерей Маканалин Балқаштың да ата ғы демаушылар жұмағы ретінде алысқа жаңғыруын мақсат тұтады. Үміт үлкейткен, сенім жалындатқан іс басы соған ұмтылдыра түседі.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»,
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
журналист.
БАЛҚАШ.