Шортанды ауданындағы «Төңкеріс астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС-де «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жаңғыртылып, қуаттандырылған астық қоймасы іске қосылды. Диқандар қауымы мен оны өңдеушілер, әсіресе, заманауи астық кептіру және тазалау желісінің таныстырылымына айрықша ден қойды. Мамандардың бағалауынша, сынақ барысында ырыздық дәнінің ысырапқа түсуі мүмкін болған төменгі шектеулі деңгейге жауап берген.

Жылына 30 мың тонна өнім қабылдай алатын қойма толық испандық технологиямен жабдықталған. Барлық жұмыс компьютер желісімен басқарылады. Аталған жобадағы басты ерекшелік ретінде модем және спутниктік антенналар арқылы желі жұмысы тікелей Испаниядан бақыланып отыратындығын айту қажет. Мұндай мониторинг шетелдік жабдықтаушының желінің тоқтаусыз қызметіне кепілдік береді.
Астық қоймасын жаңғыртуға 418 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалса, инвестициялық жобаға «ҚазАгроҚаржы» АҚ пен шортандылық кәсіпорын ұжымы белсене қатысты. Жобаның табыстылығы оның темір жолға жақындығымен және келесі жылы кәсіпорынға шойын жол бұтақтары тартылатындығымен байланыстырылуда. Сондай-ақ, мұнда 50 жұмыс орнының ашылуы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Шортанды ауданы.