Өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлаған 63 жастағы зейнеткер осы облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Махамбет ауданының Аналар кеңесінің төрағасы. Ол елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, үйіндегі мата-жіптерін жинап, бетперде тіге бастаған. Алғашқыда отбасы мүшелеріне тіккен ана көшеде сақтанбай жүрген ауылдастарын көріп, оларға да бетперделерді тігіп беруді қолға алыпты. Екі күн ішінде 11 жасар немересі Бақнұрмен бірге 50-ге жуық бетперде тігіп, көршілеріне таратты.
– Осындайда бір-бірімзге жанашырлық танытпағанда қашан танытамыз. Мен тігемін, 4-ші сыныпта оқитын немерем үтіктейді. Сақтану шараларын қолға алмаған ауылдастырымды терезеден көрсем, шақырып алып, қолдарына ұстатып жіберіп жатырмын. Егер көршім ауырмаса, мен де ауырмаймын, – дейді Ж.Шамалиқызы.
Тігінші әжей ауыл клубының басшысына хабарласып, онда жас еріктілерге бетперделер тіктіріп, тұрғындарға таратуды ұсынған. Алдағы уақытта өзі де маталарға тапсырыс беріп, үйден бет перде тігуді жалғастары беруді жоспарлап отыр.