Жуырда аталған Қоғамдық кеңестің мүшелері мен «Былина» этномәдени бірлестігі жалғыз қалған қарияларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар 14 отбасыға азық-түлік таратып, әр отбасыға 20000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты аталған санаттағы азаматтырдың жағдайын ескере отырып, көмек беру шарасын ұйымдастырған Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұхановтың айтуынша, бұл отбасылар қаладан шалғай жатқан Дамбы, Геолог, Химпоселок, Алмагүл, Балықшы, Авангард мөлтек аудандарында орналасқан.
– Бүгінде әлем індеттен қорғанып жатыр. Осындай қиын-қыстау шақта бірлесіп, бір-бірімізге көмек бергеніміз дұрыс. Жанашырлық танытып, қолымыздан келгенше көмектесейік. Бүгін біз де шын ниетпен қой сойып, мұқтаж жандарға тараттық, қаржылай көмек көрсеттік, – дейді «Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшсі А.Кораблев.