30 Тамыз, 2013

Орманның тынысын кеңейтті

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IMG 9139

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде тоғайды санитарлық тазарту жөнінде ерекше екі күн өтті. «Ерекше» деп отырғанымыз, құрғап-кеуіп тұрған, құлаған ағаштардан тоғайды арылтуға басқа аудандардағы әріптестер – Ақжайық, Бөрлі, Чапаев, Орал, Январцева орман шаруа­шы­лықтарынан 46 адам күш-құралдарымен жетіп, көмек көрсетті. Мұндай көмек аталған мекеменің өмірінде бірінші рет болып отыр. Айта кетейік, бұл іс аудан әкімі Н.Төреғалиев пен облыстық табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу жөніндегі басқарманың басшысы А.Дәулетжановтың бастамасымен жүзеге асты. Сонымен қатар, былтырдан бас­тап дағдыға енгендей, ауданның Тайпақ, Сарытоғай, Базартөбе, Базаршолан, Қарауылтөбе ауылдарынан осы екі күнде орманда 350 тұрғын, еңбек ұжымдарының өкілдері аталған іспен айналысты. 1500 текше метр қураған, құлаған ағаштар, қалдық-қоқыстар жиналды.

Болат ЕСҚАЛИЕВ.

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы.

______________________

Суретті түсірген

Нұрбек ИХСАН.