30 Тамыз, 2013

Қысқа дайындық ойдағыдай

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, бүгінде Кентау қаласында қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп қабатты тұрғын үйлердің құбырларын, магистралды жүйелерді, ішкі орамды қысыммен шаю, тазалау істері атқарылды.

 

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, бүгінде Кентау қаласында қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп қабатты тұрғын үйлердің құбырларын, магистралды жүйелерді, ішкі орамды қысыммен шаю, тазалау істері атқарылды.

Жылу маусымы біткенен кейін дайындық жұмыстарын бастаған болатынбыз. Қазандықтарды, турбиналарды өз күшімізбен жөндеп алдық. Алдағы уақытта бір салалы қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша магистралды құбырлар ауыстырылады. Ол жұмыстарды бірінші қазанға дейін толық бітіреміз. Қатты отын мен сұйық отынның мәселелерін шешу жолдарын қарастырып жатырмыз, дейді №5 жылу-энергия орталығының директоры Қабылбек Күмісбеков.

Орталықтағы құбырлар арасына толып қалған күлдер алынып, бұрандалар мен құрылғылардың жарамсыздары ауыстырылуда. Мамандар трансформаторлар мен турбиналарды қайта жарақтап жатыр. Өткен жылы орталықта бес қазандық жұмыс істеген болатын. Биыл ЖЭО бюджеті есебінен сегізінші қазандық жөнделуде.

Химия-лабораториялық бөлмелер күрделі жөндеуден өткен. Ендігі жерде қатты отынның сынамалары алынып, сапасын анықтауға толық мүмкіндік бар. Күрделі жөндеуден өткен асхана да жұмысшыларға сапалы ас мәзірін ұсынуға әзір.

Қайрат ЗАЙНИШЕВ.

КЕНТАУ.