30 Тамыз, 2013

Жылу жүйелеріндегі жұмыс

607 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Жы­лужүйелері» ЖШС компаниясы қалатұтынушылары үшін коммуналдық төлем тарифтерін өсірусіз-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін тұрғындар үшін жылу желілерін қалай мо­дернизациялауға болады де­ген мәселенің түйінін тап­қан­­дай. Яғни бұл жылу желі­ле­рін қайта жаңартуға да мүм­кін­дік тудырды. Мұндай жұ­мыс­­тарды жүргізуге арналған қара­жат облыс орталығындағы «Жылу жү­йелері»» ЖШС-ның ха­­лық­аралық қаржылық даму инс­­титуттарынан алған қарыз­да­ры­ның арқасында пайда болды.

 

Облыс орталығындағы «Жы­лужүйелері» ЖШС компаниясы қалатұтынушылары үшін коммуналдық төлем тарифтерін өсірусіз-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін тұрғындар үшін жылу желілерін қалай мо­дернизациялауға болады де­ген мәселенің түйінін тап­қан­­дай. Яғни бұл жылу желі­ле­рін қайта жаңартуға да мүм­кін­дік тудырды. Мұндай жұ­мыс­­тарды жүргізуге арналған қара­жат облыс орталығындағы «Жылу жү­йелері»» ЖШС-ның ха­­лық­аралық қаржылық даму инс­­титуттарынан алған қарыз­да­ры­ның арқасында пайда болды.

2011 жылы Еуропа Қайта құру және даму банкі қаланың жылу желілерін жаңартуға және модернизациялауға 2 млрд. 997 миллион теңге несие берді, дейді серіктестік инженері Александр Захарьян. Құбырлар ауыстырылып, жылу берілетін уақытты бақылайтын автоматты қондырғылар орнатылуда. Қолданыстағы магистральдарда құбырларды ораған минерал мақта жылу өткізгіштігі төмен пенополиуретанға ауыстырылуда. Алда №1 жылу электр орталығы қамтитын аумақ бойынша жұмыстар күтіп тұр. Нәтижесінде, жылу беру кезінде шығындар деңгейі 20 пайызға дейін азаятын болады.

Шілде айында облыс орталы­ғында серіктестік өткізген сынақтар кезінде көше бойында екі жерден асфальт опырылды. Бірінші жағдайда опырылған шұңқырға ер адам құлады, екіншісінде, шұңқырға жеңіл көлік түсіп кетті.

Жалпы, жылу жүйелеріне жаз айларында сынақ жүргізу қысқы аязда апатты жағдайларға келтіруі мүмкін желілердің ең осал жерлерін анықтау үшін жасалады ғой, деп түсіндірді мұны серіктестіктің бас инже­нері Вадим Ковальчук. Егер құбыр темір-бетон науаға орна­ластырылған болса, онда тіпті ол жарылған жағдайда да су топырақты шаймай және опырылу қаупін туғызбай, желіден жылу камераларына қарай ағады. Ал, біз бүгінде арнасыз аралық қабат төсемдерін пайдаланамыз, ол да топырақтың шайылып кетуін болдырмайды. Жылу желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Жұмыс көп. Облыс орталығындағы жылу магис­траль­дарында әлі күнге дейін өткен ғасырдың 60-70-жылдарын­да салынған бөлікшелер жет­кілікті. Бұл тораптар сынақ ке­зінде шыдамайды, сондық­тан, то­пырақ шайылады. Қаланың кез келген бөлігінде болуы мүмкін, сондықтан «Жылу желілері» ЖШС ақпарат құралдары ар­қы­лы қалалықтарды үнемі ес­кертіп отырады, оларды сы­нақ бөліктерінде сақ болуға шақырады. Жылу желілерін ұстап тұру үшін жыл сайын жылу желілерінің 15-16 ша­қырымын жөндеу қажет. Бүгінгі күні тарифтік сметалық өлшем 9,6 шақырымға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылу желілеріне жауапты адам құбыр­дың келесіде қай жерде жарылатынын алдын ала білудің және оның салдарын азайтудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Әрбір торап бойынша жүйелі түрде ақауды анықтау деп аталатын куә­ландыру жүргізіліп отырады. Егер жылу трассасының белгілі бір учаскесінде жылу маусымы ішінде 5-6 зақымдану болса, сол учаскеде күрделі жөндеу жүргізіледі. Егер зақымдану жергілікті болса, онда оны жойып, кейін тексеріп, қайтадан жұмысқа қосады, дейді «Жылу жүйелері» ЖШС бас директоры Виталий Матвеев.

Қысқа дайындық қызу жүріп жатыр. Былтырғы жылу маусымында Екібастұзда үйлерге жылу беру кезінде күрделі үзілістер болғаны белгілі. Сөйтіп, биыл жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 250 миллион 417 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауға және екібастұздықтарды жылумен қамтамасыз етуде алда тұрған қысты апатсыз өткізуге жасалған мүмкіндік. Екібастұзда қалыпты температура бойынша реттеудің жолға қойылған жүйесі жоқ, сондықтан жылу желілері үйлердің бір бөлігіне температуралық кестеге сәйкес келетін температураны бере алмайды, деп түсіндірді бас инженер Вадим Ковальчук. Жылу тораптарының, шығындарды реттегіштердің және тағы бас­қа­лардың болмауы жылу энергиясының нормадан тыс тұ­ты­нылуына алып келеді. Жүйені жо лға қою үшін ПИК-тердің белсенді қатысуы өте қажет. Бірақ кооперативтердің барлығы бірдей көмекке келе бермейді. Өткен жылы құны 9, 5 млрд. теңге болатын ішкі желілерді қайта жаңарту бойынша ұсыныстарға сай бірнеше жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар, «Жылу жүйелері» ЖШС мемлекеттік құрылымдармен өзара бірлесу нәтижесінде моноқалаларды дамыту жә­не мемлекет-жеке меншік серік­тестігі бағдарламалары аясын­дағы жұмысты бастауды жос­парлап отыр.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.