30 Тамыз, 2013

Өз рельсіміз болады

266 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

280922Ақтөбе облысында қолға алынып жатқан ірі инвестициялық-инновациялық жобалардың ішінде Ақтөбе рельс зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жақында осы құрылыс алаңында болған «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс барысына риза болды. Мердігер компаниялар ауа райының жауын-шашынды болғанына қарамастан құрылыс жұмыстарында кідіріс болдырмауда. Бұл нысан облыстың экономикасына серпін беретін жоба ретінде жергілікті биліктің де қатаң қадағалауында тұрғаны шындық. Себебі, елдің күретамыры іспетті темір жолға қажетті рельс шығаратын бұл кәсіпорынның маңызы зор әрі елімізде біреу ғана сыңайлы.

Ақтөбе облысында қолға алынып жатқан ірі инвестициялық-инновациялық жобалардың ішінде Ақтөбе рельс зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жақында осы құрылыс алаңында болған «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс барысына риза болды. Мердігер компаниялар ауа райының жауын-шашынды болғанына қарамастан құрылыс жұмыстарында кідіріс болдырмауда. Бұл нысан облыстың экономикасына серпін беретін жоба ретінде жергілікті биліктің де қатаң қадағалауында тұрғаны шындық. Себебі, елдің күретамыры іспетті темір жолға қажетті рельс шығаратын бұл кәсіпорынның маңызы зор әрі елімізде біреу ғана сыңайлы.

Италияныңәлемгетанымал «Siemens-VAI» компания­сымен «Қазақстантеміржолы» ұлт­тықкомпаниясы» АҚбірлесіпқол­ғаалғанбұлжоба­ныңжалпықұны 55 миллиардтеңгетұра­ды. Қазақстан экономикасына серпін беретін бірегей жоба – рельс зауытының құрылысы бастал­ғалы жұмыста кәдімгідей қарқын байқалады. Мұның өзі инвес­торлардың қаншалықты ықы­ласты екенін көрсетсе керек. Жа­қында осында болған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов зауыт құрылысының осыншалықты қар­қынды жүргізілуі уақыт талабы екенін айта келіп, өңірде эко­но­микалық ілгерілеуге үлкен ірге­тас қаланып отырғанын алға тартты.

Қазір өндіріс орны ірге тебетін алаңда жер жұмыстары аяқталып келеді, кәсіпорынның іргетасы құйылып болды. Зауыт пайдалануға берілгенде жылына 430 мың тонна сортты рельс шығарылады. Еуропа мен Азияның қақ ортасында тұрғандығы және аймақта ірі өнеркәсіп орындарының шоғырлануы да есепке алынғаны көрініп тұр. Жобаны жүзеге асыру мерзімі өте қысқа, мұның өзі кәсіпорын құрылысын жүргі­зушілерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл зауыт 2014 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сөйтіп, бір жыл ішінде облыс орталығынан Мәртөкке шығар жолдың бойында тағы бір ірі өндіріс орны іске қосылмақшы. Зауыттың бастамашыларының бірі – «Транспорттық технология» ЖШС жобаны жүзеге асыруға ынталы болып отыр. Қазірдің өзінде Қазақстанның Даму банкі жоба құжаттарын қарап, несиелік тұжырым берген. Аталмыш банк қажетті қаржының 70 пайызын несиелейді, ал, қалғанын Қазақстан темір жолы мен жеке инвесторлар қаржыландырады. Индустрияландыру картасына сәйкес жақын күндері жобаның инфрақұрылымдық желілері жарақтандырылады. Яғни газ, су, зауыттың темір жол арқы­лы өтетін автожолы, электр желісі осы бағдарлама аясында жүргізілетін болады. Зауытқа 39-ыншы Қызғалдақты разьезінен темір жол тарту қарастырылған.

Италияның «Siemens-VAI» компаниясы жабдықтарды жет­кі­зіп, өз технологияларын өндіріске орнатып қана қой­майды, қондырғыларды құру және құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне бақылау жасайды. Зауыттың бас корпусын технологиялық жарақтандыру, прокаттық қондырғыларды жа­сақ­тау, іске қосу-реттеу жұ­мыстарын италиялық мамандар жүзеге асырады. Бас мердігер – «Союзкомплект» Қазақстан-Украина бірлескен кәсіпорны да өз тарапынан атқарылатын жұмыстардың уақтылы және сапалы болатынына кепілдік беріп отыр. Жобаны жүзеге асыруға қатысатын ресейлік «Прокатмонтаж» фирмасының италиялықтармен жұмыс жасауда бұрыннан қалыптасқан тәжірибесі бар екен.

Өңірде бірнеше инвестиция­лық-инновациялық жобалар жүзеге асуда. Соның ішінде, күн­нен күнге жан-жағы жинақталып, жұмысы жүйеленіп қалған рельс зауытының таяу уақытта пайдалануға берілетініне қазіргі жұмыс қарқыны сендіре түседі.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар