Экономика • 02 Сәуір, 2020

Мұнай бағасы 1 баррелі 22 долларға дейін төмендеді - Руслан Дәленов

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы 1 баррелі 22 долларға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Мұнай бағасы 1 баррелі 22 долларға дейін төмендеді - Руслан Дәленов

«Сіздердің қарауларыңызға 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамын нақтылау, сондай-ақ «Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасы енгізіліп отыр. Болжамды нақтылаудың негізгі факторлары – тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, байқалып отырған жаһандық рецессия және коронавирустың таралмауы бойынша қорғау шаралары аясында іскерлік белсенділіктің баяулауы», деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері мұнай бағасы 66%, металдар 16%,  әлемдік державалық  индекстер орташа  есеппен 21 %-ға төмендеді. 

«Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы 1 баррелі 22 долларға дейін төмендеді. Осыны ескере отырып, осы жылдың сәуір-желтоқсанға мұнайдың орташа бағасы 1 баррелі 20 доллар деңгейінде  анықталды. Доллардың есепті бағамы 440 теңге деңгейінде және жылдық инфляция 9-11% аралығында есепке алынды.  Бағаның төмендеуі аясында мұнай өндіру бойынша болжам 86 млн тоннаға дейін азайтылды. Бұл тау-кен өнеркәсібі өндірісінің төмендеуіне әкеледі», деді министр.