Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Жамбылда тепловизорлар ауруды дәл анықтауға қабілетсіз болып шықты

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерімен қатар, Жамбыл облысының аумағында да шектеу шаралары енгізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда.

Жамбылда тепловизорлар ауруды дәл анықтауға қабілетсіз болып шықты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткізген өңірлік штабтың отырысында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев 5 ауданда медициналық маска дайындайтын шеберханалар ұйымдастырылғанын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде оларда 17,8 мың бірлік маска тігілген. Әйтсе де бұл жеткіліксіз болып отыр.

Сонымен қатар індеттің алдын алу мақсатында бүгінде облыс бойынша 16 блок-бекеттер жұмыс істеуде. Бірақ тепловизорлар ауруды дәл анықтауға қабілетсіз екен. Бұл құрылғылар коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жамбылдықтың да температурасының жоғары екенін көрсете алмаған. Сондықтан да сәуір айының басынан бастап науқасқа дәл диагноз қоя алатын қытайлық шұғыл-тесттер қолданыла бастайды.

 

Жамбыл облысы