Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласын талқылау туралы жиында аудан әкімдеріне қарата «Көзбояушылықпен айналысуды тоқтатыңыздар. Нақты ахуалды көрсетіңіздер. Әйтпесе, біз жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл тек білім беруде ғана емес, өңірдегі барлық салаға қатысты», деген болатын.
Бердібек Сапарбаев өңірдегі білім саласындағы жұмыстардың сапасының сын көтермейтінін айтты. Ал, қашықтықтан оқытуды енгізгеннен кейін ол тіпті төмен деңгейге құлдырап кетуі мүмкін. Жалпы, Жамбыл облысында 377 елдімекен бар. Алайда, талдау көрсеткендей, көптеген аудан мектептерінде компьютерлер мен моноблок жетіспейді екен. Тіпті 125 ауылдық елдімекен интернетпен қамтамасыз етілмеген. Бұл мәселе де қашықтықтан оқытуға кедергі болатын мәселелердің бірі екені анық.
Жамбыл облысы