Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан тағы да екі адам анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Әуеліде «Короновирус Бекбауылдан шығыпты, Аралға алып келіп жатыр» деген хабар тарайды. Артынша осындай тағы бір аудиожазбада індетке шалдыққан адамның ауылда еркін жүргені жайлы айтылады.  

WhatsApp желісі арқылы жалпақ жұртқа тарап кеткен осы екі аудиожазбаны тексерген полицейлер жалған ақпарат таратқандар Арал мен Жаңақорған ауданының тұрғындары екендігін анықтады. Күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындады.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.