Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Шымкент: Блок-бекеттердегі «жасыл дәліз» 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бекеттерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер мен транзиттік машиналар еш кедергісіз өтуі керек. Бұл туралы Шымкенттегі  бірқатар бекеттерді аралап шыққан қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Шымкент: Блок-бекеттердегі «жасыл дәліз» 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді

Жалпы халықаралық маңызға ие «Ташкент-Алматы-Термез»  тас жолындағы «Ақжар»  «Шымкент-Самара» бағытындағы яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосылатын «Бозарық» бекеттерін аралап көрді.

Мұрат Дүйсенбекұлы бірінші кезекте барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастыруды  тапсырды. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер азық-түлік тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері басқа да арнайы техникалар  кедергісіз өтеді.

Көлік жүргізушілері мен оның салонындағы жолаушы міндетті түрде тіркеуге алынып, медициналық құрылғымен тексеріліп өткізіледі. Блок-бекеттерде медициналық қызметкерлер мен құзырлы орган өкілдері әкімшілік қызметкерлері де ауысыммен тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Мұрат Әйтенов блок-бекеттерде тұрған жолаушыларға шектеу кезіндегі талаптарды сақтап үйлеріне қайтуға кеңес берді. Өйткені қала аумағы үлкен, миллонды халқы бар. Оған қоса шектеу қойылған күннің өзінде қала арқылы арлы-бері 200 мыңға жуық халық қатынайды екен. Шымкент тоғыз жолдың торабында жатыр. Сондықтан қала әкімі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуге шақырды.

Қазір қалада 18 блок-бекеттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

 

Шымкент