Коронавирус • 02 Сәуір, 2020

Алматы: Бүгінге дейін індет 90 адамнан табылды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполисте індет жұқтырған ең алғашқы адам анықталғаннан бері, 2 сәуірге дейін дерт 90 адамнан табылды. Дегенмен, Алматыда  қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жұқтырғаны расталып, сауығып шыққандар саны – 11 адам. Бұл туралы бүгінгі онлайн-брифингте Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Алматы: Бүгінге дейін індет 90 адамнан табылды

Бүгін, 2 сәуірдегі түске дейінгі жағдай төмендегідей: инфекциялық стационарларда Алматы облысының 1 пациентін қоса алғанда, 80 адам емделіп жатыр, оның ішінде 1 бала бар.

68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).

Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.

Жаңадан КВИ жұқтырғандармен байланыста болғандар табылған және оқшауланды.

Кеше Алматыда Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды.

Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала бар.

Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.

Үй карантинінде 3853 азамат бар.