30 Тамыз, 2013

Мұғалім болғаныма мақтанамын

529 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ШымкенттегіМ. ӘуезоватындағыОҚМУ-ді 2011 жылыбітіріп, солжылы «ДипломменауылғабағдарламасыбойыншаМақтааралауданы, Ынтымақауылдықокругі, Асықатажалпыортамектебінежұмысқаорналастым. Тарих пәнінің мұғалімімін. Бұл мамандықты сонау бала кезімнен армандап, өзім қалаған болатынмын. Келгеннен кейін жас маманға көрсетілетін жәрдемдердің бәрін уақтылы алдым. Тіпті, үй де берілді. Былайша айтқанда, талмай ізденіп, алаң­­сыз жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Әрине, ауылда еңбек етудің өзін­дік қиындығы да, ерекшелігі де бар. Біріншіден, өзім де ауыл баласымын, сон­дықтан бұл жақтың тіршілігі маған таңсық емес. Екіншіден, менің анам да мұғалім, яғни, ұстаз өмірінің қиындығы мен қызығын көріп өстім. Ең бастысы, мен өз мамандығымды сүйемін, бойда жастық жігер бар, сондықтан өз жұмы­сыма құлшына кірістім. Шынын айту керек, маған қазіргі жұмысым да, қазіргі жағ­дайым да қатты ұнайды.

Мектебімізде 700-ден аса оқушы бар. Ғимарат та, ұстаздар да жаңа оқу жылына толық дайын, оқушыларды асыға күтіп отырмыз. Осы бір мектептің өзінде 10 шақты жас маман жұмыс істейді. Соның тең жартысына жуығы үйлі болды. Өңкей жас мамандар бір-бірімізбен жақын араласып, жұмыс турасында ақылдасып, мәре-сәре болып жатамыз. Білім саласында да үнемі біліміңді жетілдіріп отырмасаң, көштен кейін қаласың. Сондықтан, жақында Н. Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарынан өтіп келу ойымызда бар.

Әмзе САРЫБАЕВ,

мұғалім.

Оңтүстік Қазақстан облысы.