30 Тамыз, 2013

Жүрек жылуы

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СемейдегіДостықүйінде «Мектепкежол» қайырымдылықшарасыөткізілді. Оны өткізудегі басты мақсат – жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен күнкөрісі төмен отбасы балаларын әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына даярлықпен бармақ.

Бұл жолғы шара да осыны қамтыды. Достық үйіне қайырымдылық жасаушы мекеме өкілдерімен бірге аз қамтылған отбасылардың балалары жиналған болатын. Қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңестің төрайымы Жанна Жибраева жиналғандарды «Мектепке жол» шарасының мақсатымен таныс­тырғаннан кейін қатысушыларға сөз берді. Алғашқы болып сөз алған ҚМДБ Семей орталық мешітінің наиб имамы Серікқали Бейсенұлы осынау игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін айтып өтті. Оның сөзін жалғастырған қаламыздағы Тас мешіттің имамы Нұрбек Салимов жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде жүрек жылуы мол болатынын тілге тиек етті.

Осыдан соң барлық мекеме, ұйымдар арнайы әкелген заттарын балаларға тарту етті. Оқушыларға арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, киім-кешектер табыс етілді. Мұның барлығы аз қамтылған отбасы балалары үшін үлкен көмек, елеулі демеушілік екендігі белгілі. Акция барысында 35 бала мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.