Ұлттық экономика министрі ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен қоғамдық тамақтандыру нысандары, мейманханалар, хостелдер және туристік қызмет бойынша жыл соңына дейін мүлік салығынан босату белгіленгенін хабарлады.
Жалпыға ортақ тәртіппен салық салынатын жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылып отыр.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін салық төлемейді. Сонымен бірге АӨК биологиялық активтер импорты жыл соңына дейін ҚҚС-нан да босатылады.
Сонымен қатар бір мезгілде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ҚҚС мөлшерлемесі 30 наурыздан 1 қазанға дейін 12%-тен 8%-ке азайтылды.
Шағын және орта бизнесті а.ж. 1 қазанға дейін 6 айға салықтан және еңбекақы төлеу қорының әлеуметтік төлемдерінен босату көзделуде (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық сақтандыру мен әлеуметтік аударымдар жарналары мен аударымдары).
Аталған шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтандыру, қонақүй бизнесі, ірі сауда нысандары, СОО, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен физкультуралық-сауықтыру және спорттық ғимараттарды, тамақ өнімдері мен дәріханаларды қоспағандағы, сауда субъектілері, көлік қызметі, консультациялық қызмет және ақпараттық технологиялар саласын қамтиды.
Салықтық әкімшілендіруге қатысты 2020 жылғы 1 маусымға дейін ШОБ субъектілері үшін барлық салықтар мен міндетті төлемдерді және бюджетке міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды төлеу мерзімі кейінге шегерілді.
Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексерулер мен қарыздарды мәжбүрлемелі өндіру тоқтатылады.
«Тұтастай алғанда, барлық айтылған шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды», - деді Үкімет отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.