30 Тамыз, 2013

Жаңа мүмкіндіктер кілті

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Назарбаев Университеті мен Intel корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мырза мен Intel корпорациясының Қазақстан, Орталық Азия және Закавказье елдерінің аймақтық директоры Дмитрий Кисель қол қойды.

 

Жақында Назарбаев Университеті мен Intel корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мырза мен Intel корпорациясының Қазақстан, Орталық Азия және Закавказье елдерінің аймақтық директоры Дмитрий Кисель қол қойды.

«Бүгін Назарбаев Университеті тобының кезекті қатысушы және жаңа серіктес – Intel жаһандық компаниясымен толыққанын қуана хабарлаймын. Бұл әріптестіктің аясында біздің студенттерімізге, оқытушыларымыз бен ғалым­дарымызға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп сенемін. Біз: «Intel енді бізде!» – деп мақтанышпен айта аламыз, – деп мәлімдеді На­зарбаев Университетінің прези­денті Шигео Катсу мырза.

Қол қойылған келісім аясында Назарбаев Университетіне аппараттық, бағдарламалық және әдістемелік шешімдерді қамтитын Intel® Education Solutions кешенді тәсілдемесін іске асыру барысында ақпараттық және техникалық қолдау көрсетіледі деп күтілуде.

Қазақстан, Орталық Азия жә­не Закавказье елдерінің Intel корпорациясының аймақтық ди­ректоры Дмитрий Кисель: «Intel дүние жүзі бойынша білім беру саласындағы көптеген бағдар­ламаларға қатысып, қолдау көрсетіп келеді, бұл кез келген мезетте түрлі жобалардың сәтті іске асырылуының мысалдарына жүгінуге мүмкіндік береді. Назарбаев Университетінің инновациялық білім беру орта­сының дамуында корпорация тәжірибесінің қолданыс тапқанына аса қуаныштымыз және осы серіктестіктің табысты болатынына сенімдіміз!» – деп атап өтті.

Бір айта кетерлігі, Назарбаев Университеті мен Intel-дің бірлес­кен жобалары бірінші кезекте Nazarbayev University Research & Innovation System орталығы мен На­зар­баев Университетінде бі­лімді, ғылымды, инновациялар мен индустрияны интеграциялау үдерісінде негізгі кезең болып табылатын, инно­вациялық-зияткерлік кластердің бір бөлігі ретінде дамып келе жатқан университеттің ғылыми паркінің базасында жүзеге асырылатын болады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар