Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Қазалыда кім қауесет таратты?

960 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір коронавирус инфекциясына байланысты түрлі қауесет таратып жатқандар бар. Олар осы әрекеттері арқылы елді дүрбелеңге салуда.

Қазалыда кім қауесет таратты?

Сондайлардың бірі жақында ғана WhatsAppмессенджері арқылы «Қазалы ауданына Жанқожа батыр елді мекенінде коронавирус індеті анықталған 1 азамат белгілі болды, осы ауылтұрғындары жан-жаққа қашып кетті, вирус жұқтырған тұрғын қалтырап ауырып жатыр» деген хабар таратыпты.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дақпырт таратып, елді дүрбелеңге салған азаматты анықтады. Ол Әйтеке би кентінің тұрғыны болып шықты.

Қазір оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды.