Бизнес • 31 Наурыз, 2020

Балмұздақ фабрикасы карантин ережесіне сай жұмыс істеуде

428 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өндірісті өркендетуге  бағытталған шаралар қай кезде де алдыңғы орында. Мемлекет қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге маңыз беріп отыр. Өйткені қаншама азаматты жұмыспен қамтып отырған өндіріс ошақтарының жұмысы тұраламауға тиіс.

Балмұздақ фабрикасы карантин ережесіне сай жұмыс істеуде

Алматыдағы  «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасы елдегі қиындықтарға қарамастан  өз жұмысын жалғастыруда. 2020 жылдың 17 наурызынан бастап фабриканың шикізат және дайын өнімдер қоймасы жабық карантиндік периметрге көшкен.

Қазіргі уақытта  400 қызметкер төтенше жағдайдың барлық ережелерін сақтай отырып жұмыс істеуде. Олардың фабрика аумағынан шықпауы да басты назарға алынған. Компанияның қазіргі кездегі міндеті – өндірісті тоқтатпау және жаңа жағдайға жедел әрекет ету, толыққанды жабық технологиялық тізбекпен қамтамасыздандыру және өз өнімдерінің 100% қауіпсіздігіне кепілдік беру, азаматтық ұстанымды таныту, қызметкерлер мен тұтынушыларға қолдау көрсету.

Балмұздақ байланыссыз тәсілмен дайындалады, дегенмен технологиялық процестерді адамдар басқарады. Коронавирус пандемиясы кезінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы — сыртқы әлеммен байланысты толық тоқтату», — дейді компания тобының президенті, жабық периметр коменданты Андрей ШИН.

Қызметкерлер үшін жатын орындары, дәретханалар мен душ бөлмелері бар жатақхана ұйымдастырылған, асхана үш мезгіл тегін тамақтандыруға ауыстырылған, медициналық бекет те қызмет етеді, жұмыс ауысымынан тыс белсенді демалуға арналған теннис үстелдері мен волейбол алаңы орнатылған.

Фабрика тәулік бойы жұмыс істейді, арасында санитарлық күндер үзілісі бар.   Жабдықтар мен үй-жайларды қажетті залалсыздандыру күн сайын жүргізіледі. Аймаққа кіретін көлікті дезинфекциялау және жүргізушілермен байланыссыз жұмыс істеу тетігі ойластырылған: барлық автомобильдер доңғалақтар мен корпусты дезинфекциялаудың арнайы аймағынан өтеді, құжаттар арнайы сыртқы контейнерлерге салынады. Сондай-ақ ішкі байланыстар да бар: шикізат қоймасы – фабрика, шикізат қоймасы – асхана, фабрика – дайын өнім қоймасы. Осы тізбектердің барлығында ішкі карантиндік периметрдегі адамдар, медицина қызметкері және топ-менеджмент жүреді.

Компания өнімдерінің қауіпсіздігі тек қазіргі төтенше жағдайда ғана емес, сонымен қатар зауыттың бүкіл қызметінде – 25 жыл ішінде кепілдендірілген», - дейді Андрей Шин.

Оның сөзінше, денсаулыққа қатердің болмауы үш қағидатқа негізделген. Біріншіден, әлемдік деңгей желісіндегі өндірістің байланыссыз әдістері. Екіншіден, терең шок мұздатуды пайдалану және суық тізбекті сақтау, бұл жағдайда шикізаттың температурасы –35 оС жоғары көтерілмейді, ал дайын өнімнің температурасы –18 оС жоғары болмайды. Үшіншіден, сақтау мерзімі ұзақ, микробтар мен бактерияларсыз тек жаңа «қатырылған» балмұздақты өндіру.

Фабрикада ТЖ кезінде әлемдік және қазақстандық сапа стандарттарына сай келетін балмұздақтың 30- дан  аса сұранысқа ие түрі өндіріледі. Өнімнің портфелі әдейі азайтылды: түрлердің аз саны жағдайында өнімнің килограммен көп көлемі қамтамасыз етіледі. Бірақ Бомба, Миша, Бәйтерек, Мишка на полюсе, Белочка, Караван, Смак, Коровка және Джусики жеміс мұздары балмұздақтары сатылымда бар. Жабық периметрдегі жұмыстың басында өнімділігі тәулігіне 30 тонна балмұздақты құрады, қазіргі уақытта 60-қа жуық, алдағы аптада тәулігіне 80 тонна балмұздақ шығару жоспарланып отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сатылым 2020 жылдың наурыз айында 26%-дан астам тонналық және 35%-дан астам ақшалай сипатта өскен.

Эскимо және «Шин-Лайн» пломбирлері Қазақстандағы сауда нүктелеріне және Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Монғолиядағы серіктестерге жіберіледі. Наурызда Украинаға алғашқы жеткізілім жасалған.

Фабрика қажетті шикізаттыы Малайзиядан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Беларусьтен және Еуропадан алдыратын көрінеді. Балмұздақтың сапасы мен дәмдік сипаттамаларына нұқсан келтірмей, импорттық шикізатты Қазақстандағы ингредиенттерге жоспарлы түрде ауыстыру жүргізілуде.

Карантин көпке созылған жағдайда периметрдегі қызметкерлер алмастырылады. Ұзақ ауысымға кірісу үшін мамандар фабриканың алдында орналасқан арнайы үй-жайда оқшаулау жағдайында 14 күн өткізеді және медициналық қорытындыдан кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

«Эскимо немесе пломбир – нан немесе қарақұмық сияқты бірінші қажеттіліктегі өнім емес, - дейді Андрей Шин. — Балмұздақта 100-ге жуық ағзаға құнды заттар бар. Біз тіпті витаминдермен қосымша байытылған жаңа түрді шығаруды қарастырудамыз. Сонымен қатар, балмұздақ ағзада бақыт гормоны серотониннің деңгейін арттыруға ықпал етеді, сондықтан көңіл-күйді көтереді және стрессті жеңуге көмектеседі».