Кеше елордада Конституция күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекет даму стратегиясының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі өтіп тұратын бұл кезекті шара барысында Қазақстанның конституциялық дамуындағы және қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудағы мәселелер кеңінен сөз болды.
Кеше елордада Конституция күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекет даму стратегиясының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі өтіп тұратын бұл кезекті шара барысында Қазақстанның конституциялық дамуындағы және қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудағы мәселелер кеңінен сөз болды.
Сөз орайы келгенде шараны ұйымдастыруға Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Астана қаласының әкімдігі, Еуропа Кеңесі Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясы (Венеция комиссиясы), Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық заңгерлер одағы, Қазақстан заңгерлер одағы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті атсалысқандығын айта кеткен жөн. Алқалы жиын жұмысына еліміздің Премьер-Министрі, Парламент Сенатының Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ 19 ел мен халықаралық беделді ұйымдардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, алқалы жиынға БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ өкілдері, Әзербайжан, Белоруссия, Болгария және Түркия Конституциялық соттарының төрағалары, Корея және Тәжікстан омбудсмендері, Армения, Ауғанстан, Литва, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Украина, Германия, Хорватия және басқа да елдердің конституциялық әділет органдары мен парламенттерінің мүшелері, сонымен бірге, шетелдік және отандық танымал заңгер-ғалымдар мен сарапшылар келді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов сөз сөйлеп ашты. Конституциялық Кеңес Төрағасы аталған халықаралық шарада ең басты қарастырылатын мәселелер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатының құқықтық аспектілерін жүзеге асыру болып табылатынын ерекше атап кетті.
Ал еліміздің Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин конференция қатысушыларына Елбасының құттықтауын жеткізді. Елбасы өз сөзінде қатысушыларды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын, дей келіп, Ата Заңның мемлекетіміздің табысты дамуының берік іргетасы екендігіне ерекше тоқталған. Конституцияның арқасында мемлекеттік және жеке меншіктің теңдігі, кәсіпкерліктің дербестігі мен меншікті қоғам мүддесіне пайдалану қағидаттарына сәйкес Қазақстан экономикасы дамып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік мемлекет ретінде еңбек бостандығы құқығына кепілдік береді. Неке мен отбасын, ананы, әке мен баланы мемлекеттің қорғауына алып, халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді, делінген Елбасының құттықтауында.
Президент сондай-ақ еліміздің Ата Заңы мемлекеттік билік бірлігінің, оның барлық тармақтарының тиімді өзара іс-қимылының негізін қалағандығын да ерекше атап кеткен. Конституциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара әріптестігі іске асып, жергілікті өзін өзі басқару дамуда. Оған тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет болып өткен жергілікті әкімдер сайлауы дәлел бола алады. Конституцияны бұлжытпай орындау Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтудың сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстан 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыруда. Оның басты мақсаты – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену. Бұл мақсатты жұмыс Конституция мен заңдардың тәртібін мүлтіксіз сақтауды міндеттейді. Конференцияға қатысушылардың барлығының жұмысына жеміс және кәсіби қызметіне табыс тілеймін, дейді Нұрсұлтан Әбішұлы құттықтауының соңында.
Бұдан кейін сөз а