30 Тамыз, 2013

Обама Сирияға әуеден соққы жасауға бұйрық бермекші

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Авиаудар

АҚШ президенті Барак Обама өз одақтастарының қатысуынсыз-ақ Сирияға әуеден соққы жасау жөнінде бұйрық беруге дайын. Бұл туралы «Нью-Йорк таймс» газетінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Нью-Йорк таймс» газетінің мәліметіне қарағанда, Сирияға соққы беру жөніндегі бұйрықты Барак Обама БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдамаған жағдайда да іске асыра алатын көрінеді.

«Әзірге президент шешім қабылдаған жоқ, алайда, әуе соққысы сенбі күні БҰҰ инспекторлары Сирия аумағын босатқаннан кейін жасалуы мүмкін», – деп хабарлады газеттің Ақ үй әкімшілігіндегі ақпарат көзі. Ол сондай-ақ соққы жасау жоспары бекітілуі үшін жұма күні АҚШ Конгрессіне жіберілетінін мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар