Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Күріш экспортына кедергі жоқ

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүние жүзінде жарияланған пандемияға орай Еуразиялық экономикалық комиссия бірқатар азық-түлік түрлерін осы жылдың 30 маусымына дейін ЕЭО елдерінен өзге мемлекеттерге шығаруға тыйым салғандығы белгілі. Оның ішінде Қызылорданың басты бренді күріш те бар еді.

Күріш экспортына кедергі жоқ

Осыған байланысты облыстық кәсіпкерлік палатасынан көмек сұраған жергілікті диқандар өтінішіне орай мәселе жете зерттелді. Аймақтағы сауда орталықтары қоймаларында 3 мың тонна шамасында күріш сақталып тұрғаны белгілі болды. Мұнан өзге ірі шаруашылықтар ақталмаған 190 мың тонна өнім барлығы нақтыланды. Бұл көлем ішкі нарықты артығымен қамтуға жетеді.

- Оның үстіне өңір диқандары осы жылдың күзіне дейін біраз мемлекетпен экспортқа күріш жеткізіп беру үшін алдын ала ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойып қойған. Бұл саладағы кәсіпкерлер негізгі табысты экспорттан тауып отыр, өнімді сыртқа шығаруға тыйым оларды осы табыстан айырады. Сондықтан да біз «Атамекеннің» орталық аппаратына ұсыныс жібердік. Орталық аппарат тиісті министрліктерге шұғыл шығып, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді. Нәтижесінде, қазақстандық күріш экспортқа кедергісіз шығатын болды, - дейді кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.