30 Тамыз, 2013

8 қыркүйек – Қазақстанда Отбасы күні

1030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семья

Алдағы 8 қыркүйекте елімізде тұңғыш рет Отбасы күні аталып өтіледі. Бұл туралы мәлімдеме жасаған Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың дерегіне сүйеніп, «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін болды. Президентіміз мемлекет отбасыдан басталатынын, сол құндылықты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді. Ал Отбасы күніне орай 6 қыркүйек күні республикалық әйелдер кеңесі «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік, әділеттілік» тақырыбында конференция ұйымдастырады», - деді А. Әбибуллаев брифингте сөйлеген сөзінде.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар