30 Тамыз, 2013

Елімізде донорлар тізімі жасалады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Трансплантация

Елімізде дене мүшесінің дертке шалдығуы салдарынан өмірі қыл үстінде тұрған, нақты айтқанда, ағзасын ауыстыруға мұқтаж жандар саны 5 мыңға жетті. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Бір азамат жүрек ауыстырғысы келсе, ал келесі біреуі бауырға, бүйрекке зәру. Осыған байланысты елімізде 2014 жылдан бастап донорлар тізімі жасалатын болып ұйғарылды. Онда әр адам ерікті түрде донор болу үшін қалалық емханалардың біріне тіркеле алады. Сонымен бірге, бұл жүйе электронды Үкімет сайтына да енгізіледі. Ал трансплантология орталығы қажетті сараптамалар жасап, органдарды ауыстыру қызметін ұйымдастырады.

Алдағы мерзімде отандық трансплантологтар Балтық елдерімен орган алмасу туралы шарт жасасуды жоспарлап отыр. Мұндай қадам донорлық органдар кеңістігін ұлғайтып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік жасайды.

Бақытбек Кенешұлы.