Қоғам • 03 Сәуір, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Президентінің мәлімдемесін іске асыру жөніндегі үндеуі

20 реткөрсетілді

Құрметті халайық!

31 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына азаматтарды және бизнесті қолдау жөніндегі одан арғы қадамдар туралы мәлімдеме жасады. Бұл Үндеу мұнай бағасы мен коронавирус пандемиясы әсерінен туындаған әлемдік экономикалық турбуленттіліктің бұрын-соңды болмаған күрделі жағдайында айтылды.

 

БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерреш қалыптасқан жағдайды Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең күрделі дағдарыс деп атады және бұл жай ғана сөз емес. Болжам бойынша, әлемде 25 миллион адам жұмысынан айырылып, экономикалық байланыстар күрделенеді, бизнес тұралап, елдерді жаңа кедергілер алаңдатады. Әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде.

Осындай күрделі жағдайларда Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жіті қадағалап, халықтың ең шұғыл қажеттіліктеріне дер кезінде және баса назар аударады.  Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан жаппай таралған індеттің алдын алу шараларын уақытында қабылдады, Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры – «қауіпсіздік белбеуі» тиімді жұмыс істейді.

Қазақстан Ата заңда белгіленген әлеуметтік мемлекет туралы конституциялық норманы сенімді және мүлтіксіз орындайды.

Ел Президенті Қ.Тоқаев зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті жылдық 10%-ға индексациялауды тапсырды. МӘМС қатысушысы мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Бұл барлық азаматтардың әл-ауқаты мен мүдделеріне қатысты шаралар.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының мәлімдемесін тұтастай және толығымен қолдай отырып, оларды іске асыруға жан-жақты азаматтық қолдау көрсету қажеттігін мәлімдейді.

Біз осындай сәтте жауапкершілікті тек мемлекетке ғана аудара салуға құқығымыз жоқ. Межеленген нәтижеге қол жеткізу әрбір азаматтың бүгінгі таңда карантиндік шараларды қатаң сақтауынан басталады. Біздің бұл іске азаматтық атсалысуымыздың одан арғы векторы Президенттің жаңа бастамаларын іске асыруға белсенді жәрдемдесуге бағытталуы тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері карантин жағдайында қол жетімді әлеуметтік желілердің, электронды таратылымдардың, өздерінің азаматтық байланыстарының барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ақпараттық жұмыс ауқымына 3 миллионға жуық азаматымызды ең төменгі жалақы мөлшерінде қосымша әлеуметтік төлемдермен қамту; азаматтардың түрлі санаттарын тегін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету және оларды өндіру мен жеткізу жұмыстарына жергілікті шағын және орта бизнесті тарту сияқты шаралар қамтылуы тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу және шағын және орта шаруа қожалықтарын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына ерекше назар аударуға шақырады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде мол тәжірибесі бар ҚХА мүшелері Президенттің бастамаларын жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші жастарға қамқорлық жасау, кеңес беру және өзге де қолдау көрсету шараларын жасайтын болады.

Сонымен қатар әрине осы міндетті іске асыруға өздері де атсалысуы керек.

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыруға барынша қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге ниеттіміз. Өйткені әлемдік дағдарыс пен рецессия жағдайындағы біздің еліміздің қаржылық мүмкіндіктері шексіз емес.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық азаматтарын Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларды орындауға жоғары жауапкершілікпен қарауға, оларды тиімді іске асыру үшін саналылық танытып, ынтымақтың және белсенді азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетуге шақырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз халқымызға және елімізге төнген сын сағаттарда қиындықтарды жеңу жолында өзара көмек пен ізгілік және ынтымақтастық үлгісін көрсету үшін күш-жігер мен мүмкіндіктер табатынына сенім білдіреді. 

Тек осылай ғана біз қалыптасқан күрделі жағдайды еңсеруге бәріміз бірлесе қол жеткіземіз.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар