Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

5 мыңға жуық зейнеткерге зейнетақыны үйге жеткізеді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде еліміздегі төтенше жағдайға орай 1 сәуірден бастап облыс аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді.

5 мыңға жуық зейнеткерге зейнетақыны үйге жеткізеді

Ал, «Қазпошта» АҚ облыстық филиал директоры Ерік Әліпұлының айтуынша, филиал облыстағы 24 мыңға жуық зейнеткерге қызмет көрсетеді.

Зейнеткерлердің  7 мыңы  зейнетақыны «Қазпошта» АҚ карталары арқылы алса, 5 мыңға жуық зейнеткерге бөлімше қызметкерлері үйге дейін апарып беруде.

Ал, облыс  орталығында 800-ден астам зейнеткер  үшін үйден шықпай, зейнетақыларын  алу үшін тиісті жағдайлар жасалуда.

Филиал қызметкерлері  зейнеткерлерге қоңырау шалып,Төтенше жағдай уақытында  зейнетақыны поштаға келмей алудың жолдарын ұсынуда. Біріншісі – зейнетақы алушының жеке деректері арқылы «Қазпошта» АҚ картасын ашу. Картаны пошта қызметкерлер 5-7 минут аралығында дайындап береді. Кейін сол карта арқылы поштаның немесе «Halyk Bank» банкінің банкоматтарынан кез келген уақытта ақшасын комиссиясыз ала алады. Екіншісі, зейнетақыны үйге дейін апару. Зейнеткердің жеке шотына тиісті ақша түскен күні аталған мекенжайына жеткізіп береді.

1

-Әрине, бұл ұсыныстарға түсіністікпен қарап жатқандары да, бас тартып, бұрынғыдай бөлімшеден келіп алғысы келетіндер де бар, - дейді Е.Әліпұлы.

Сонымен қатар зейнетақыны үйге дейін жеткізуге  қажетті құралдар,  қажетті технология  да бар. Зейнетақы жеткізумен айналысатын мамандардың қауіпсіздігі үшін арнайы көлік пен күзет қарастырылған. 

 

ПАВЛОДАР