Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Павлодарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығына Семейдегі әскери бөлімшенің 224 сарбаздан тұратын тобы коммуналдық-шаруашылық жұмыстарына қызметіне көмекке келді.

Павлодарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

Сарбаздар жалпы облыс аумағында дезинфекциялау, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы онлайн-конференция барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Сұңғат Есімхановтың  айтуынша,  бұл мақсат үшін Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының барлық коммуналдық техникалары дезинфекциялау жұмыстарына тартылған. Облыс орталығында негізгі көшелер, ал Екібастұз және Ақсу қалаларында барлық көшелерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазір коммуналдық қызметтердің бар күші көшелерге, аулаларға, түрлі алаңдар мен аялдамаларға жұмылдырылған. Көп қабатты үйлердің кіреберістерін өңдеумен Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) айналысуда.

Бірақ,  дезинфекция жұмыстарын  мүлде дұрыс жүргізбегендер туралы  шағымдар қаладағы 109 қызметімен келіп түсуде.

Ал, Қорғаныс министрлігінің атынан келген десант күштері дезинфекция жұмыстарын жүргізуге арналған техникамен және қажетті құралдармен жабдықталған. Десант сарбаздары қалалық коммуналдық қызметтердің барлық  жұмыстарына, көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін өңдеуге жұмылдыруға көмектеседі.

 

ПАВЛОДАР