Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлемді жайлаған коронавирус індетінен сақтану үшін қала тұрғындарына ресми мәлімдеме жасады.

«Шымкент қаласында тағы 8 адамнан коронавирус анықталды. Оның барлығы қауіпті індет анықталған үшінші науқастың туыстары мен жақындары. 1 сәуірден бастап барлығы оқшауланған. Орын алған жайтқа байланысты, азаматтарымызды қорғау және инфекцияның ары қарай таралуының алдын алу мақсатында аталған отбасы тұрған Тайманов көшесі мен оған жақын орналасқан Сәрсенбаев және Сүлейменов көшелерін карантинге жабылды. 7 блок-бекет қойылды.
Барлық профилактикалық шаралар тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны – 11.
Зерттеулерге сәйкес, қауіпті індет анықталған әрбір жағдай вирусты жаппай жұқтыруға әкеп соғуы мүмкін. Оның соңы неге әкелетінін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан оқшаулаудың қатаң түрі ғана қауіпті індет таралуының алдын алады.
Мұндай жағдайда өзін-өзі оқшаулау ғана қала тұрғындарын аман алып қалатындығын тағы да ескертеміз.
Өкініштісі, тұрғындардың көпшілігі қауіп қатерді жеткілікті дәрежеде түсінбеуде, себебі қала көшелерінде қозғалыс әлі де көп.
Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау мақсатында және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның келісімімен 2020 жылғы 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығындағы кезеңде Шымкент қаласы аумағында карантин жарияланады. Карантин мынандай шектеу шараларын қамтиды:
Біріншіден, карантин кезінде Шымкент қаласы бас санитарының қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Ол мекемелердің тізімін әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды.
Екіншіден, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің Қаулыда көрсетілген белгілі азаматтар мен көліктерге қатысы жоқ. Олардың да тізімі жарияланады.
Үшіншіден, қала аумағында шағын микроавтобустардың қозғалысына тыйым салынып, олардың бағыттары бойынша автобус қозғалысы қойылады. Қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы таңғы 7.00-ден 19.00-ге дейін ғана жүзеге асады.
Төртіншіден, қала аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады.
Бесіншіден, азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Бұл тұрғындардың өзін-өзі оқшаулауы үшін жағдай жасауға бағытталып отыр. Мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қала тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды.
Қала тұрғындары толықтай шектеу кезінде үйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алу үшін ғана шыға алады.
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі негізсіз ақпараттар таралуының алдын алу мақсатында, қала аумағында коммендаттық сағат әзірше енгізілмегенін ресми түрде мәлімдеймін. Дегенмен төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындауымыз керек. Карантин режимін бұзған азаматтарды құқық қорғау органдарының патрульдік қызметі анықтайтын болады. Себебі өзінің денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтардың әрекетінен тұрғындардың басым бөлігі зардап шекпеуі тиіс деп санаймын.
Алтыншыдан, Шымкент қаласының аумағындағы төтенше жағдай және карантин кезінде 55 жастан асқан тұрғындарға аса бір қажеттіліксіз көшеге шықпауды ұсынамыз.
Жетіншіден, карантин кезінде тізім бойынша жұмысы тоқтамаған барлық мекемелер қызметкерін жұмыс орны туралы анықтамамен қамтамасыз етуі шарт.
Сегізіншіден, азық-түлік базарларының жұмыс уақыты 10:00-ден 18:00-ге дейін, қадамдық қашықтықтағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 10:00-ден 21:00-ге дейін болып қалады.
Тоғызыншыдан, барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режиміне көшеді.
Оныншыдан, азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады. Бұл талап тізімге кіретін мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды және ол азаматтардың қолында жұмыс орны берген анықтама болуы керек. Сондай-ақ жеке көлікпен үйінің жанында орналасқан азық-түлік пен бірінші кезектегі тауарлар, медициналық құралдар алуға және жедел жағдайларда медицина ұйымдарына көмек алуға баруға болады» делінген қала әкімінің мәлімдемесінде.
Түркиядағы зілзаладан көз жұмғандар саны артты
Әлем • Бүгін, 17:44
Танымал сәулетші Қонаев қаласын дамытуға атсалысады
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:21
Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Мәдениет • Бүгін, 17:15
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Сайлау • Бүгін, 17:10
Жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі
Қоғам • Бүгін, 16:47
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 16:37
Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр
Елорда • Бүгін, 16:27
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:12
Қаржы • Бүгін, 16:01
Президент журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға тергеу жүргізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 15:44
Әлем • Бүгін, 15:33
Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Қазақстанда Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:00
БҰҰ Түркия мен Сирияға 25 млн доллар жібереді
Әлем • Бүгін, 14:54
Walt Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығарады
Әлем • Бүгін, 14:43
Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Ресейдің Новосібір қаласында жойқын жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 14:30
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы төмендеді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты
Ғылым • Бүгін, 13:18
Түркияда отандастарымызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылар 3 адамды құтқарды
Видео • Бүгін, 12:42
Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:32
Қазақстанда беделді MOTO GP турнирі өтеді
Мәдениет • Бүгін, 12:25
Қазақстанда фрилансерлер саны артты
Қоғам • Бүгін, 12:12
Сенат отырысында бірқатар заң мақұлданды
Парламент • Бүгін, 11:58
Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды
Бокс • Бүгін, 11:48
Абай облысы Түркия еліне көмектесуге дайын
Аймақтар • Бүгін, 11:30
«Qazcontent» АҚ төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:27
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:12
Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады
Үкімет • Бүгін, 10:50
Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
Үкімет • Бүгін, 10:45
Беларусьтен халықаралық іздеудегі адам экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 10:28
Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:07
Рудныйда бірқатар үй тағы жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 09:50
Ұқсас жаңалықтар