Қоғам • 03 Сәуір, 2020

Қызылорда: Сотты болған азаматтар сыйақы алды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар да қауіпсіздік шараларына аса қажетті медициналық бетперде тігіп жатыр.

Қызылорда: Сотты болған азаматтар сыйақы алды

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесі жанындағы РГП «Еңбек- Қызылорда» тігін цехында 30 азамат осы іспен айналысуда. Бүгінгі күнге дейін цехта қазір қат тауарға айналып тұрған бетперденің 14250 данасы тігілді.

Министрлік тапсырмасына орай Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мен «Еңбек» РМК басшылығы қатерлі індеттің өршіп кетпеуіне үлес қосып жатқан осындай азаматтарға жалақыдан бөлек сыйақы төлеуді ұйғарыпты. Кеше тігін цехындағы азаматтарға басшылық өкілдері келіп, қиын сәтте қол ұшын созып, көмек көрсеткендері үшін алғыс айтып, есепшоттарына сыйақы аударылғанын хабарлады.