Коронавирус • 03 Сәуір, 2020

COVID-19 – Қазақстанға жаңа сынақ

63 реткөрсетілді

2020 жылдың 31 наурызындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған мәлімдесі мен осыған дейінгі дүниежүзілік дүрбелеңге қатысты қабылдаған шұғл шешімдері – үлкен қауіптің алдын алуға бағытталған мағызды қадем. Өйткені өздеріңіз білетіндей, Президент осы үндеуінде коронавирус індетінің әлемдегі 177 мемлекетке таралып, 800 мыңға жуық адам дертке шалдыққанын, біздің елімізде төтенше жағдай жарияланып, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол берілмегенін атап өтті. 

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғалымдардың індетпен күресуде  зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нақты нәтижеге қол жеткізуінің маңыздылығына ерекше мән беріп отыр. Мемлекет басшысының төтенше жағдайд бақылау барысындағы: «Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті» деуі осы ойымызға айқын дәлел бола алады.

COVID-19 індетіне қарсы зерттеулер жұмыстарын жүргізетін бірден бір ғылыми орталық – Ғылым комитетіне қарасты 60 жылдан аса тарихы бар «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты». БҚПҒЗИ материалдық-техникалық базасы заманауи құрылғылар мен құрал-жабдықтармен жабдықталған 2-ші және 3-ші биологиялық қауіпсіздік деңгейлі зертханалар. Институттың ғылыми еңбектері биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, молекулалық биология және гендік инженерия саласының шетелдік және отандық ғалымдарымен танылған. Гендік инженерия негізінде рекомбинанттық штаммдарға қол жеткізу технологиялары игерілді. Институт ғалымдары қысқа мерзім ішінде тұмау вирусының бір неше түріне, бруцеллезге, туберкулезге, шешек және т.б. вирустарға қарсы вакциналар мен баламалық тест-жүйелер әзірлеген. Сонымен қатар жануарлар мен құстардың 60-тан аса ауруларына қарсы вакциналар мен ПТР (ПЦР) ИФТ (ИФА) тест жүйелер өндіріске енгізілген. Дайындалған препараттардың  кейбірі шетелдерге шығарылады.

Қазақстанда СОVID-19 коронавирусымен күресу үшін БҚПҒЗИ ғалымдары вакцина әзірлеу және сынақтан өткізу тақырыбында ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеп, қаржыландыруға ұсынып отыр.  

БҚПҒЗИ ғалымдарының аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакцина әзірлеу бойынша алдыңғы жылдардағы орасан зор тәжірибесі 1-2 жыл ішінде коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны өндіру технологиясына қол жеткіз алатынын көрсетеді.

Күнсұлу ЗАКАРИЯ, 

БҚПҒЗИ директоры

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар