31 Тамыз, 2013

Эстонияда шылым шеккен жүкті әйелдер жазаланады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сигарет

Эстонияның Әділет министрлігі құрсағындағы баланың денсаулығына саналы түрде зиян келтірген аяғы ауыр әйелдерді жазалайтын жаңа заң жобасын әзірлеуде. Бұл туралы Muslim.kz хабарлады.

Аяғы ауыр әйелдер шылым шегетін болса немесе шарананың денсаулығына зиян келтіретін қандай да бір әрекетке барса, онда оларға 96-дан 1600-ға дейін еуро айыппұл салынады. Сондай-ақ, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Денсаулық сақтау институтының мәліметіне жүгінсек, өткен жылы осы елде аяғы ауыр әйелдердің 8,3 пайызы темекі тартқан.

Бақытбек Кенешұлы.