Қоғам • 03 Сәуір, 2020

Қолың таза болмаса, бетперде көмектеспейді

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сау адамдарға бетперде тағудың қажеті жоқ, коронавирустан бетперде құтқара алмайды деген пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич айтқан. «Риа Новости» ресми өкіл бұл пікірді қазір әлемде медициналық емес бетперделерді жасау көбейіп кеткен соң айтты деп хабарлайды.

Қолың таза болмаса, бетперде көмектеспейді

«Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Сау адамдарға бетперде тағудың қажеті жоқ. Ал, аурудың симптомдары бар адамдар өзгелерге жұқтырмау үшін бетперде тағу керек. Сондай-ақ, ауру адамдарға қарап жатқан кісілер олардан жұқтырып алмау үшін қорғанса болады», дейді ресми өкіл.

Тарик Язаревич ең алдымен дәрігерлердің ауру жұқтырудың алдын алатын құралдармен молынан қамтамасыз етілуін баса айтады. Бұған қол жеткізу үшін қарапайым азаматтардың әлгі құралдарды көптеп сатып алуы тоқтауы қажет деген пікірде.

Ол сондай-ақ адамдардың сақтық шаралары ең алдымен қолды таза жуудан басталатынын айтқан.

Соңғы жаңалықтар