Спорт • 03 Сәуір, 2020

Роналдудың табысы 1 миллиард долларға жетіп қалды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияның ұлттық құрамасы мен Туриннің «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың табысы 1 миллиард АҚШ долларына жетіп қалды.

Роналдудың табысы 1 миллиард долларға жетіп қалды

Жасыл алаңда жасындай жарқырап жүрген Роналду әлемдегі ең бай-қуатты спортшылардың алдыңғы легінде. Коронавируске байланысты «Ювентустың» ойыншылары алатын еңбекақылары біраз қысқарғанына қарамастан таяу күндері айтулы футболшының табысы миллиардтық межеге жетеді деп күтілуде. Осылайша, ол осындай мол олжаға кенелген жер жаһандағы үшінші спортшы атанады.  

Криштиану Роналдуға дейін осы күндері өнер көрсетіп жүрген екі спортшы ғана 1 миллиард доллардан аса табыс тапқан екен. Олар – гольф ойынының хас шебері Тайгер Вудс пен кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер. Ал оған дейін кезінде «Чикаго Буллстың» сапында керемет ойын өрнегімен танылған баскетболшы Майкл Джорданның есепшотына дәл сондай көлемде қаражат түскен. Сонымен қатар, алдағы күндері Швейцарияның ійгілі теннисшісі Роджер Федерер де дәл сондай дәрежеге жетеді деп күтілуде.