«Атырауда 2 сәуірде түнгі 00.30 шамасында Өзбекстан Республикасының 1986 жылы туған азаматы Алмалы-Талдыкөл селолары арасындағы қара жолдан Индер ауданы бағытына жаяу өтпекші болған. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзуышылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сот қаулысымен шетел азаматы бес тәулік қамалды» - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері кеше таңертеңгі сағат 08.20-да Алмалы блок-бекетінен тысқары қара жолмен келе жатқан «Toyota Camry» көлігін тоқтатқан. Көлікті басқарған 1987 жылғы жүргізушіге төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін хаттама толтырылып, ол Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен қаулысымен 3 тәулікке қамауға алынды.
Сондай-ақ блок-бекеттерге соқпай, қиялай өтетін қара жолда ұсталған төрт көлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабымен хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды.
Жұмасат ҒАЗИЗ