31 Тамыз, 2013

Алты күнде пайғамбардың шашын көруге миллион адам келді

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Паломники в Махачкале-волосы пророка

Ресейдің Дағыстан республикасының орталығы – Махачкала шаһарындағы Әли Әлиев атындағы спорт кешеніндегі көрмеге қойылған Мухаммед пайғамбардың шашын көруге алты күннің ішінде миллионнан астам адам келді. Бұл туралы Ресейдің НТВ телеарнасы хабарлады.

«Махачкаладағы Әли Әлиев атындағы спорт кешеніндегі көрме алты күннен бері жұмыс жасап жатыр. Енді эскпозицияны алдағы үш күн бойы тек әйелдер ғана ашады», - деп мәлімдеді ИТАР-ТАСС.

Ал Каспийск полициясы: «26 тамыз күні сағат таңғы 6-да басталған көрмеге бүгінге дейін 1,151 миллион тәу етуші келді. Тәулігіне мұнда 545 адам келіп тұр» деп баяндады.

Кешен ғимараты жанына күшейтілген күзет қойылған. Оған әскери қызмет органдарының екі мыңға жуық сарбазы тартылған. Сонымен бірге өз сағатын күтіп тұрған жедел жәрдем көліктері де жеткілікті. Себебі, қайнаған күннің астында сағаттап тұратын тәу етушілер арасында естерінен танып құлап қалатындар да аз емес.

Дағыстанға бұл қымбат реликвия өткен жексенбі күні Біріккен Араб Әмірлігінен арнайы рейспен жеткізілген болатын. Оны Мухаммед пайғамбар тұтынған заттардың бас қорғаушысы шейх Ахмад Бин Мухаммад Аль-Хазрати бастаған 50 адамнан тұратын делегация алып келді.

Мұрат Айтқожа.