Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

«Аяла» қоры Алматылық ауруханалардың біріне көпфункционалды кереуеттерді сыйға тартты

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайырымдылық қанат қақса қандай жақсы. Сын сағатта жасалған бұл ізгі амалдың орны тіптен бөлек. Ізгіліктің ізашары болып жүрген «АЯЛА» қайырымдылық қоры COVID-19 ауруымен күресуге көмек көрсету үшін құны 30 млн теңге болатын 10 жаңа заманауи көпфункционалды кереуетті Алматы қаласының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне сыйға тартты.

«Аяла» қоры Алматылық ауруханалардың біріне көпфункционалды кереуеттерді сыйға тартты

«Біздің қор бұл жабдықты жансақтау бөлімінің коронавируспен ауырған науқастарға жылдам көмек көрсетуі үшін беріп отыр. Біз тек күш біріктіру арқылы ғана дәрігерлеріміздің жаңа вируспен күресте жеңіске жетуіне көмек бере алатынымызға сенімдіміз. Инфекцияны тек жабдықпен немесе қаражатпен ғана жеңе алмаймыз. Көбінесе бұл әрбір қазақстандықтың өзін-өзі оқшаулауға - COVID-19 таралуына қарсы іс-қимылдың неғұрлым тиімді тәсіліне жауапкершілік танытуына байланысты болады. Мен бүкіл қазақстандықтарға зор денсаулық, ал біздің құрметті дәрігерлеріміз-жұқпалы аурулар мамандарына – пандемияны тезірек жеңіп шығу үшін үлкен күш-қайрат тілеймін», - дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова

Чехия мен Польшада жасалған заманауи жабдық автоматты түрде реттегішпен жабдықталған. Кереуеттер арқа секциясын амортизациялау арқылы өкпе мен жүрек реанимациясын жүргізуге мүмкіндік береді. Аккумуляторлық батареялар тіпті электр қуаты болмаған жағдайда да жансақтау іс-шараларын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етеді.