«Олардың ішінде жұқпалы екі ауруханада 17 аппарат бар. Провизорлық госпитальға 4 жасанды тыныс алу құрылғысы қойылды. Егер науқастардың саны көбейетін болса, сол жерге жатқызуды жоспарап отырмыз. Бүгінгі күні жасанды тыныс алу аппаратына екі науқас қосылды», - дейді Тілеухан Әбілдаев.
Шаһарда дәрігерлер қауымы бар жігерін салып жұмыс істеуде. Оларға тамақ, киім секілді барлық қажетті жағдайлар жасалған.