30 Тамыз, 2013

Әнші Луинаға күтпеген сыйлық тарту етілді

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Луина-1

Еліміз әншісі Луинаға ерекше сыйлық тарту етілді. Оған асыл тұқымды құлынды жаңа бейне баянның түсірілімі кезінде қырғыз атбегісі сыйлаған. Бұл туралы Season.kz хабарлады.

Режиссердің жоспарлауы бойынша, Ыстықкөл жағасында көрсетілімге асыл тұқымды құлын алынуы тиіс болған. Алайда, жағалауда серуендегенде ғана мінетін аттар жүргендіктен, ойлағандары іске аса қоймаған.Мұны естіген қырғыз атбегісі дереу көмекке келеді. Екі жастағы құлынды түсірілім алаңына жетелеп әкелген ол оны ойланбастан әншіге тарту етіпті. Америкадан жеткізілген бұл құлынның құны 100 мың доллар тұрады екен. Күтпеген сыйға разы болған Луина көрермендер құлынды жаңа бейне баяннан көре алады дейді.

Данияр Түймебай.

Луина-2