Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 2 тұрғыннан вирус анықталды

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында инфекция жұқтырғандар қатары тағы 2 адамға көбейді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Қызылорда: Тағы 2 тұрғыннан вирус анықталды

-Олар Қармақшы және Шиелі ауданының тұрғындары. Екеуі де әйел адам, бірінің жасы 32-де, екіншісі 26 жаста. Осымен облыста вирус жұқтырғандар саны 28-ге жетті. Олармен қарым-қатынаста болған 662 адам анықталып отыр,– деді облыстың бас дәрігері.  

Басқарма басшысы барлық науқастың да жағдайы қалыпты екендігін, жаңадан тіркелген инфекция ошақтарында санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгенін айтып өтті.