Ведомство басшысы төтенше жағдайға байланысты қашықтан білім беруді бастағалы отырған мұғалімдерді барлық тексерістен босатқанын жеткізді.
– Соңғы кезде жаңа оқыту форматына көшу барысында мұғалімдерден сұралатын есептер көбейіп кеткен. Бұл есептер мен тексерістердің бәрін тоқтату туралы шешім шығардық. Арнайы бұйрыққа мұғалімнің сынып журналынан басқа ешқандай есеп толтыру талап етілмеуі тиіс екенін көрсеттік. Кейбір мектептерде оқытып жатқан сабағының скриншотын немесе ведеосын жіберуді міндеттеп жатқанын көзіміз жетіп отыр. Мұндайға жол бермейміз, – деді министр.