01 Қыркүйек, 2013

Премьер-лига: екі «еуропалық» команда 0:4 болып ұтылды

237 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Футбол-Актобе-1

Қазақстан чемпионатының 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері өткен премьер-лига командаларының 25-турында 4:0 деген есеп үш рет қайталанды. Бір қызығы, мұның екеуі күні кеше ғана УЕФА турнирлерінің төртінші раунды ойындарына қатысып қайтқан екі командамызға тиесілі болып шықты.

Алғашқы осында ірі жеңіліске кеше өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдаған Өскеменнің «Востогы» ұшырады. Бұл күні тағы үш ойын ойналды. Оларды Алматының «Қайраты» өз алаңында «Астанаға» 1:2 болып жол беріп алды. Ал «Тараз» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» талқандап шықты. Есеп – 3:0. Сондай-ақ Атырауда өткен «Атырау» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары арасындағы ойында есеп ашылмады.

Қалған екі 0:4 бүгін тіркелді. Алдымен Шымкентте Қарағандының «Шахтері» ойсырай ұтылды. Ал ойын шу басын ааса бір тартысты бола қойған жоқ. Шамасы, аптаның айналысындағы екі халықаралық кездесу қажытып жіберген болуы керек, қарағандылықтар аса бір белсенділік таныта алмады. Бірақ алаң иелерінің де олардан асып кеткені шамалы болды. Керісінше доп көбіне-көп қонақтардың аяқтарына тұрақтап тұрды. Қақпаға қарай қақырата ұрғаны көп шықпаса да, шахтерліктер шабуылға да көп ұрынды. Алайда, голды шымкенттіктер соқты. Олар мұның бірінші таймның басында, 6-минутта Мохаммед Арури ойламаған сәтте соғып кетті.

Командалар осы есеппен үзіліске шықты. Ал келесі тайм енді бастала берген сәтте қауырт жорықты бастап кеткен алаң иелері Александр Мокин қорғаған қақпаны тағы бір қақыратып өтті. Оны Азат Нұрғалиев салды. Арада 11 минут өткенде, 58-минутта ол тағы да меймандар дарбазашысын қапы қалдырды. Сөйтіп, кеше Глазгода ерен ерлік көрсеткен голкипер болмашыдан қателесіп, өз қақпасына үшінші допты да өткізіп алды. Шымкенттіктердің жетістіктері мұнымен де тынбады. Енді 80-минутта Қайрат Әшірбеков төртінші голды салып кетті.

Бұдан кейін алаңға Павлодардың «Ертісі» мен «Ақтөбе» шықты. Мұнда ойынның қорытынды есебі бірінші таймда-ақ тіркеліп қойды. Есепті 10-минутта пенальти дәл түсірген Ұлықбек Бақаев ашты. Арада 5 минут өткенде Антон Чичулин таблодағы жазуды 2:0-ге өзгертті. Командалардың алма-кезек шабуылдары кезінде алаң иелері 38-минутта тағы да ерледі. Бұл жолы Дмитрий Шомко гол авторы атанды. Ал қорытынды нүктені 45-минутта Владислав Чернышев қойды.

Ақтөбеліктер бұл жеңілістеріне қарамастан турнир кестесіндегі лидерлік жағдайларын сақтап қалды.

2-қыркүйекке дейінгі турнир кестесі мынадай.

Ор

Командалар

О

Ұ

Т

Ж

Доптар

Ұп

За 1-6-е места

1  3

 "Ақтөбе"қтөбе)

25

15

5

5

33-18

27

2  5

 "Астана" (Астана)

25

14

5

6

41-28

27

3  1

 "Шахтёр" (Қарағанды)

25

11

6

8

34-29

22

4 10

 "Ертіс" (Павлодар

25

10

8

7

30-24

21

5  2

 "Ордабасы" (Шымкент)

25

10

6

9

27-24

21

6  7

 "Қайрат" (Алматы)

25

8

10

7

32-29

19

За 7-12-е места

7  6

 "Тобыл" (Қостанай)

25

10

5

10

39-28

22

8 11

 "Атырау" (Атырау)

25

7

8

10

21-33

16

9  4

 "Тараз" (Тараз)

25

6

7

12

25-30

16

10  --

 "Восток" (Өскемен)

25

5

10

10

15-31

14

11 12

 "Жетісу" (Талдықорған)

25

4

13

8

20-29

12*

12  8

 "Ақжайық" (Орал)

25

4

9

12

28-42

9

 

Үздік мергендер:

Игорь Зенькович («Шахтер») - 12

Эдин Юнузович («Ордабасы») - 11

Мокуду Сисей («Қайрат») - 10

Игорь Бугаёв («Тобыл») - 10

Дамир Қожамқұл.