Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Алматылық кәсіпкерлер дәрігерлерге дәрумен сыйлады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпті індетпен күресте ең алдыңғы шепте жүрген мамандық иелері – дәрігерлер. Сондықтан оларға материалдық және рухани қолдау көрсету қоғамға ортақ міндет. Алматылық кәсіпкерлер ақ халатты абзал жандарға дәрумендер жиынтығын таратты.

Алматылық кәсіпкерлер дәрігерлерге дәрумен сыйлады

«Ел басына қиындық туған қысылтаяң кезде бейжай қарап отыра аллмадық. Күні-түні жұмыс істеп жатқан дәрігерлерімізге көмектесейік деп шешім қабылдадық. Сондықтан оларға сәл де болса қуаныш сыйлау үшін өнімдерімізді алып шықтық. Жалпы біздің өнім белсенді адамдарға арналған. Ішінде витаминдер жиынтығы бір айға жеткілікті» дейді жекеменшік компанияның бас директоры Алтынбек Мұстафин.

Адам ағзасына аса қажет дәрумендер жиынтықталған 100 қорапша қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне үлестірілді. Айтуларынша, бұл өнімдер иммунитетті жақсартады, түрлі вирустардан қорғап, денені қалыпқа келтіреді.

 

АЛМАТЫ