Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Алматылық оқушыларға бейнесабақтар көрсетіледі

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы дүйсенбіден бастап алматылық оқушылар сабақтарын бейнесабақ арқылы оқиды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

 

Алматылық оқушыларға бейнесабақтар көрсетіледі

«Дүйсенбіден бастап «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз. Жұмыс күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін 9-11 сынып оқушыларға негізгі пәндер бойынша сабақ беріледі. Бұл — қашықтан берілетін сабақтарға қосымша жақсы мүмкіндік. Барлығымыз, педагогтер де, ата-аналар да оқытудың жаңа жүйесіне тезірек бейімделгеніміз жөн. Карантин аяқталғаннан кейін де оқу үрдісінің жалпы деңгейін төмендетіп алмай жалғастыруымыз маңызды» деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

 

АЛМАТЫ